ФАТВА

Қайсысы дұрыс: Оразаны кешке дейін ұстау керек пе немесе түнге дейін ба?

Қайсысы дұрыс: Оразаны кешке дейін ұстау керек пе немесе түнге дейін ба?

Сұрақ: Қайсысы дұрыс: Оразаны кешке дейін ұстау керек пе немесе түнге дейін ба?

Жауап: Кейбір мұсылмандар (اللَّيْلِ إِلَى الصِّيَامَ أَتِمُّوا ثُمَّ) аятын оқығанда, оны «түнге дейін ораза ұста» деп түсінеді. Өздеріңіз білетіндей, күн, Құрандағы мәлімет бойынша, күн шығысынан күн батысына дейінгі уақыт. Түн болса, Құранның белгілеуі бойынша күн батысынан күн шыққанға дейін жалғасады. Бірақ түннің үш бөлікке бөлінетіні жайлы аяттар бар. Түннің бірінші бөлімі, күннің алдындағы кеш, кеш деп аталады және күн батысымен басталады және батыста көкжиектің қараңғы түскенге дейін жалғасады, яғни түннің толығымен қараңғы болатын уақыт. Түннің екінші бөлігі ең ұзын болып саналады, ол бүкіл аспанның толық қараңғы болғанда басталады және жалған таңға дейін жалғасады. Ал жалған таңдан күннің шығысына дейін түннің үшінші бөлігі орналасқан. Бұл аятта былай делінген:

«Расында, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түн мен күндізді шамалайды.» (Муззаммил 73/20).

Көріп тұрғаныңыздай, аятта түннің бөліктері туралы айтылған. Бұл Аллаһ кешті, түн ортасы (түн), таңды анықтайды және бұларды түннің бөліктері деп атайды. Түннің бірінші бөлігі күн батқаннан (اللَّيْلِ غَسَقِ إِلَىٰ) «толық қараңғылық басқанға (түнгі салқын)» дейін созылады. Түннің үшінші бөлігі (الْفَجْرِ قُرْآنَ) «күн шығысынан бұрын күн сәулелерін жинаудан» басталып, күн шыққанға дейін созылады. Түннің ең үлкен бөлігі «гасакульлейль» және «куранальфаджр» арасында орналасады. Бұл біріншісі.

Екіншіден, Аллаһ 184-ші аятта былай дейді: (مَعْدُودَاتٍ أَيَّامًا), яғни бұл, «санаулы күндерде ораза ұстау». Байқасаңыз, Аллаһ (ليال) – түн демеді, (أَيَّامًا) – күн деп айтады. Күндер (أَيَّامًا) бұл жағдайда – күннің бөлігі (نهار) болып саналады. Күннің басталуы мен аяқталуы уақытын бәрі біледі. Сол себепті, күннің аяғы күннің батуымен басталса, онда ауыз ашу (ифтар)  күннің батысынан кейін дереу орындалады. Бұл сондай-ақ кешкі намаз – Магрибтің уақыты болып есептелінеді.

Сондықтан, (اللَّيْلِ إِلَى الصِّيَامَ أَتِمُّوا ثُمَّ) аятын сөзбе-сөз түсінбеуіміз керек. Сол үшін жоғарыда келтірілген дәлелдерге сілтеме жасай отырып, аятты «Сонан соң кешке дейін ораза ұстаңдар» деп аудару керек.

Ваш комментарий

Наши социальные сети