ФАТВА
Шапағат дегеніміз не?

Шапағат дегеніміз не?

Шапағат дегеніміз не?

Сұрақ: Шапағат дегеніміз не?

Жауап:Шапағат – Алланың кешірімі! Бірақ дәстүр бойынша, шапағат – бұл қорғау болып есептеледі. Мысалы, Мекке мушріктері Алланың алдында олардың шапағатшылары болатынын үміт етіп пұттарға табынған.

Сондай-ақ, ислам дәстүрі «шапағат» түсінігін еврейлер мен христиандардан алған. Осылайша, мұсылман ғалымдары, Құранның тәпсіршілері, шапағат сөзін қорғаштау және кешірім деп түсінуді жөн көрген. Сондықтан бүгін көптеген мұсылмандар пайғамбарлар мен шейхтардың Алланың алдында шапағатшылары болады деп сенеді. Аятта былай делінген:

«(О, Мухаммед!), “Барлық шапағат Алла үшін. Көктер мен жердің иелігі Оныкі. Содан соң Ол жаққа қайтарыласыңдар” де.» (Зумәр 39/44).

Сондықтан егер шапағат сөзін  қорғаштау деп түсінілсе, онда ахиретте Алла кімге қарсы қорғау болады? Егер ол басқа құдайға қарсы болса, онда бұл мүмкін емес. Егер өзіңе қарсы болса, онда бұл абсурдтық! Сондықтан, шапағат – Алланың кешірімі. Қиямет (Сот) күні кешірім жасау тек Оған ғана тиесілі.

Ваш комментарий

Наши социальные сети