ФАТВА
Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?

Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?

Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?

Сұрақ: Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?

Жауап: Біріншіден, Құранда таравиһ намазы туралы айтылмаған. Екіншіден, осы намазды куәландыратын барлық хадистердің ешқайсысында «таравиһ» деген араб сөзі  өткен жоқ. Пайғамбар өзінің бірде-бір хадистерінде бұл намаз туралы сөз айтпады. Ол ешқашан мұндай намазды орындамаған және бұл намазға басқалар үшін имам болмаған.

Еске салайық, Расулуллах барлық нәрсені Аллаһтың бұйрығы бойынша істейді және Алланың осы қалауы міндетті түрде Құранда көрінеді. Ол былай дейді:

«Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға (тахаджуд) тұр. Раббың сені мақтаулы орынға (маками-махмуд) жібереді» (Исра 17/79).

Көріп отырғанымыздай, бұл аятта қосымша намаз туралы айтылған, ол тек Расулуллах үшін міндетті болатын. Ол бұл тахаджуд намазын 8+3 орындады, барлығын қосқанда 11 ракағат болады. Бұл он бір ракағат тахаджуд намазын жыл бойы орындады. Сондықтан, бұл қосымша он бір тахаджуд намазы Рамазанға да сәйкес келген. Тахаджуд Аллаһ Тағала тарапынан тек Раусулуллахға ғана бұйрылған. Рамазан айы үшін осындай ерекше намаз мүлде болмаған. Расулуллах, оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын, түні бойы ғибадат етуі Рамазандағы ғибадаттың жалпы игілігін ғана білдірді. Мәселен, хадистердің бірінде мынаны айтады: «Рамазан айының түнінде тұрып, Алланың сыйына үмітпен намаз оқығандарға бұрынғы күнәлары кешірілді» (Бухари, салат-таравиһ, 37, Мүслім, салат- мусафирин, 759). Осы хадисті Араб тілінде оқысаңыз басқа хадистерде айтылғандай таравиһ намазының жоқтығын көресіз.

Енді қысқаша, хадистегі қайшылықтар туралы және Расулуллах таравиһ намазын оқыды делік. Егер Рамазан айында таравиһ соншалықты маңызды болса, онда неге Расулуллах осы айдың соңғы он күнінде және тек үш рет және тек он бір рәкәғат оқыды? Егер Рамазан айында таравиһ соншалықты маңызды болса, онда неге Расулуллах басқа жылдарда оқымады? Ал қызығы, Расулуллах бұдан былай өмірінің соңына дейін таравиһ намазын оқымады, және оның бірде-бір сахабалары бұл жайлы сұрамады, бірақ мешіттерде таравиһ оқуына байланысты жаңа ережелерді жариялау үшін, жиырма рәкәғат және бір ай бойы бүкіл Құранды намазда оқып және т.б. ережелер ушін сахабалардың бәрі шыдамдылықпен Расулуллахын өлімін күтті. Енді Мұхаммедтің (ғ.с.) үмметі ол қайтыс болғаннан кейін не істегенін елестетесіз бе? Бұл тек таравиһ тақырыбы емес, барлық бағыттардағы мәселелерді қамтиды, өйткені үммет Құраннан алыстап кетті. Хадиске сілтеме жасай отырып, мұсылмандар әр түрлі пікірге бөлінді. Сондықтан бүгінгі күні ислам әлемі бірыңғай мәміле жасай алмайды. Егер мұсылмандар тек Құранды ұстанғанда, онда үмметтің әр түрлі бағыттарға бөлінбеген болар еді…

Ваш комментарий

Наши социальные сети