ФАТВА
Некеге тыйым салынған әйелдер!

Некеге тыйым салынған әйелдер!

Некеге тыйым салынған әйелдер!

Сұрақ: Некеге тұруға тыйым салынған әйелдер жайында Құранда айтылған ба?

Жауап: Ия, бұл Құранда айтылған.

«Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, (Ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не бөлек,) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары,) сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайын аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақ өткен өтті. Негізінен Алла Тағала тым жарылқаушы ерекше мейірімді. Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер тоқтасылғанан кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп, әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында) сендерге оқасы жоқ. Расында Алла толық білуші, хикмет иесі!..» (Ниса 4/23-24).

Ваш комментарий

Наши социальные сети