Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?
ФАТВА > Орозо (о посте) > Работы на казахском Дата: 18 Haziran 2018 Email This Post Email This Post

Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?

Сұрақ: Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма?

Жауап: Біріншіден, Құранда таравиһ намазы туралы айтылмаған. Екіншіден, осы намазды куәландыратын барлық хадистердің ешқайсысында «таравиһ» деген араб сөзі  өткен жоқ. Пайғамбар өзінің бірде-бір хадистерінде бұл намаз туралы сөз айтпады. Ол ешқашан мұндай намазды орындамаған және бұл намазға басқалар үшін имам болмаған.

Еске салайық, Расулуллах барлық нәрсені Аллаһтың бұйрығы бойынша істейді және Алланың осы қалауы міндетті түрде Құранда көрінеді. Ол былай дейді:

«Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға (тахаджуд) тұр. Раббың сені мақтаулы орынға (маками-махмуд) жібереді» (Исра 17/79).

Көріп отырғанымыздай, бұл аятта қосымша намаз туралы айтылған, ол тек Расулуллах үшін міндетті болатын. Ол бұл тахаджуд намазын 8+3 орындады, барлығын қосқанда 11 ракағат болады. Бұл он бір ракағат тахаджуд намазын жыл бойы орындады. Сондықтан, бұл қосымша он бір тахаджуд намазы Рамазанға да сәйкес келген. Тахаджуд Аллаһ Тағала тарапынан тек Раусулуллахға ғана бұйрылған. Рамазан айы үшін осындай ерекше намаз мүлде болмаған. Расулуллах, оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын, түні бойы ғибадат етуі Рамазандағы ғибадаттың жалпы игілігін ғана білдірді. Мәселен, хадистердің бірінде мынаны айтады: «Рамазан айының түнінде тұрып, Алланың сыйына үмітпен намаз оқығандарға бұрынғы күнәлары кешірілді» (Бухари, салат-таравиһ, 37, Мүслім, салат- мусафирин, 759). Осы хадисті Араб тілінде оқысаңыз басқа хадистерде айтылғандай таравиһ намазының жоқтығын көресіз.

Енді қысқаша, хадистегі қайшылықтар туралы және Расулуллах таравиһ намазын оқыды делік. Егер Рамазан айында таравиһ соншалықты маңызды болса, онда неге Расулуллах осы айдың соңғы он күнінде және тек үш рет және тек он бір рәкәғат оқыды? Егер Рамазан айында таравиһ соншалықты маңызды болса, онда неге Расулуллах басқа жылдарда оқымады? Ал қызығы, Расулуллах бұдан былай өмірінің соңына дейін таравиһ намазын оқымады, және оның бірде-бір сахабалары бұл жайлы сұрамады, бірақ мешіттерде таравиһ оқуына байланысты жаңа ережелерді жариялау үшін, жиырма рәкәғат және бір ай бойы бүкіл Құранды намазда оқып және т.б. ережелер ушін сахабалардың бәрі шыдамдылықпен Расулуллахын өлімін күтті. Енді Мұхаммедтің (ғ.с.) үмметі ол қайтыс болғаннан кейін не істегенін елестетесіз бе? Бұл тек таравиһ тақырыбы емес, барлық бағыттардағы мәселелерді қамтиды, өйткені үммет Құраннан алыстап кетті. Хадиске сілтеме жасай отырып, мұсылмандар әр түрлі пікірге бөлінді. Сондықтан бүгінгі күні ислам әлемі бірыңғай мәміле жасай алмайды. Егер мұсылмандар тек Құранды ұстанғанда, онда үмметтің әр түрлі бағыттарға бөлінбеген болар еді…

Facebook'ta PaylaşTwitter'da PaylaşГ. бөлүшүүOk.ru бөлүшүү
Просмотрено 148
 
Другие фетвы по данной теме или близкие
№     Темы Дата    Прочтено    
1 Құранның соғыс тұтқындарымен қарым-қатынасы қандай? 10.08.2018 96
2 Алла соғысқа қашан шақырады? 10.08.2018 89
3 Некеге тыйым салынған әйелдер! 10.08.2018 102
4 Құранда ажырасу туралы айтылған ба? 10.08.2018 87
5 Жұмаққа баратын жол сынақтар арқылы өтеді! 10.08.2018 77
6 Қиямет күнінде шапағат қайда болады? 10.08.2018 79
7 Қиямет күні шапағат (кешірім) болады ма? 10.08.2018 64
8 Шапағат (кешіру) кімге тиесілі? 10.08.2018 65
9 Шапағат дегеніміз не? 10.08.2018 85
10 Құранда иман келтірушілердің күнделікті сәлемдесуі туралы айтылған ба? 10.08.2018 84
11 Өлгеннен кейін Алла қандай күнәні кешірмейді? 10.08.2018 82
12 Иман келтіргендерді азанға шақырған ең алғаш Пайғамбар кім болды? 10.08.2018 84
13 Құранда бой дарет (ғұсыл) туралы айтылған ба? 10.08.2018 78
14 Құранда жерді сүрту (тәяммүм) туралы айтылған ба? 10.08.2018 54
15 Құранда дарет алған кезде аяққа масих тарту айтылған ба? 10.08.2018 74
16 Құранда намаздын алдында дәрет туралы айтылған ба? 10.08.2018 91
17 Құранда тахаджуд намазы жайлы айтылған ба? 10.08.2018 85
18 Құранда жұма намазы жайлы айтылған ба? 10.08.2018 51
19 Құранда бес уақыт намаз жайлы айтылған ба? 10.08.2018 85
20 Құранда азан туралы айтылған ба? 10.08.2018 37
21 «Итикаф» деген не және неге бұл Рамазанмен байланысты? 18.06.2018 197
22 Қайсысы дұрыс: Оразаны кешке дейін ұстау керек пе немесе түнге дейін ба? 18.06.2018 183
23 Расулуллах Рамазанда таравиһ намазын оқыды ма? 18.06.2018 148
24 Құранда таравиһ намазы туралы айтылған ба? 18.06.2018 176
25 Рамазанда және одан тыс ұстаған оразаны не бұзады? 18.06.2018 133
26 Рамазан айын қай уақытында пітір-садақа (фитр) төлеу керек? 18.06.2018 139
27 Аллах Қәдір сүресінде не жайлы баяндаған? 21.05.2018 183
28 Рамазанда әйелдерімен жақын қарым-қатынаста болу рұқсат па? 21.05.2018 222
29 Рамазан айы қаншалықты маңызды? 21.05.2018 211
30 Рамазан пітір садақасы (фитр) қанша болады? 21.05.2018 143
31 Неге фидьяны Рамазан оразасын ұстай алатын адамдар төлейді? 21.05.2018 221
32 Рамазанда кім пітір садақасын (фитр) төлеуге міндетті?  21.05.2018 214
33 Фидьяны (Пітір садақасын) кім беруі тиіс? 21.05.2018 225
34 Рамазан айында ораза ұстағысы келген науқас және жолаушы адамдарға не істеуге болады? 21.05.2018 203
35 Науқас пен жолаушының ұстай алмаған оразасы қаза болып саналады ма? 21.05.2018 225
36 Рамазанда таңғы асты Құранға сәйкес қашан бітіру керек? 21.05.2018 171
37 Құранға сәйкес Рамазан айының басын және аяғын қалай анықтау керек? 17.05.2018 230
38 “Санаулы күндерде ораза ұстау” аятын қалай түсінуге болады? 07.05.2018 224
39 Бізден бұрыңғы халықтарға Ораза белгіленген ба? 07.05.2018 211